Қазақстандық альпинистер Оңтүстік Американың ең биік нүктесіне 2017 жылғы қысқы Универсиаданың туын тікпек
Олар бұл сапарларын 2011 жылғы қысқы Азия ойындарының чемпионы Евгению Лёвкиннің құрметіне арнамақ.
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мақсұт Жұмаев бастаған қазақстандық альпинистердің экспедициясы Оңтүстік Америкадағы ең биік шың саналатын Аконкагуаға (6962 м) шықпақшы.
Оңтүстік Американың ең биік нүктесіне 2017 жылы Алматыда өтетін 28-Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданың туы тігілмек.
Қазақстандық альпинистр Буэнос Айреске 15 ақпанда бармақ. Альпинистер тобы теңіз деңгейінен 800 м биікте орналасқан аргентиналық Мендос курортты қаласынан 2700 м биіктіктегі Пенитентес шағын шаңғы курортты қаласына жол тартады. Келесі күні альпинистер Аконкагуа Ұлттық саябағына жетіп, экпедицияны сол жерден бастайды.
Анықтама:
Аконкагуа – Оңтүстік Америкадағы Анд тауының ең биік нүктесі. Шың теңіз деңгейінен 6962 м биіктікте орналасқан. Ол бірнеше биіктіктердің рейтингінде бірінші орында: америка континетіндегі ең биік тау, Батыс жартышарындағы ең биік нүкте. Аконкагуа Тынық мұхитынан небәрі 150километр арақашықта орналасып, шыңында қатты жел соғып тұратындығымен танымал.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25