«Kazsport» жасөспірімдер арасындағы ІІ қысқы Олимпиада ойындарын тікелей эфирде көрсетеді
«Kazsport»телеарнасы Лиллехаммерде (Норвегия) өтетін жасөспірімдер арасындағы ІІ қысқы Олимпиада ойындарын көрсетеді. Халықаралық додада 12-21 ақпан аралығында әлемнің 18 жасқа дейінгі талантты жастары 16 спорт түрінен 70 жүлдені сарапқа салмақ. Қазақстан намысын бұл бәсекеде еліміздің 8 аймағынан жиналған 18 спортшы қорғайды.
Жарыстың ашылу салтанатында Ұлттық командамыздың туын алып жүру міндеті шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы Еркебұлан Шамұқановқа тапсырылды.
Сонымен қатар, спортшыларымыздың арасында 2016 жылғы жасөспірімдер арасындағы биатлоннан Әлем чемпионы Арина Пантова мен жастығына қарамастан әлемдегі таңдаулы 20 мәнерлеп сырғанаушының қатарына кіретін Элизабет Тұрсынбаеваны ерекше атап өтуге болады.
«Kazsport» телеарнасы біздің спортшылардың қатысуымен өтетін барлық жарыстарды және Олимпиада ойындарының ашылу салтанатын тікелей эфирде көрсетеді. Трансляциялардан бөлек эфирде жарыс күнін қорытындылайтын кешкі және күндізгі арнайы шолулар жоспарланған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25