Шымкентте муай-тайдан алғашқы қала біріншілгі өтті
Сайысты қалалық денешынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Жарысқа 13 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысқан. Шығыс жекпе-жегінен балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған № 11 спорт мектебінде өткен доданың ашылу салтанатына Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысты.
Шымкентте енді дамып келе жатқан муай-тай спортынан қала біріншілігі тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр. Чемпионатта әр салмақ дәрежесінде 110 спортшы жүлдеге таласты. Сайысқа бас төреші Қуандық Сұлтанғали бастаған 20 төреші қазылық етті.
Айта кетейік, Оңтүстікте ақпан айында муай-тай федерациясы құрылған. Федерациясы президенті болып қала әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы тағайындалған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Талғат Орынбасар Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері
08.05.2026, 19:00
Grand Slam: Талғат Орынбасар алтын медальға таласады
08.05.2026, 15:15
Еуропа лигасы және Конференция лигасы: финалистер анықталды
08.05.2026, 09:00
ПСЖ Чемпиондар лигасының финалына шықты
07.05.2026, 09:25
Талдықорғанда жүзуден Қазақстан чемпионаты басталды
06.05.2026, 14:46
«Бавария» – «ПСЖ»: Tікелей эфир!
06.05.2026, 13:00
Хоккейден ӘЧ: Қазақстан қатарынан үшінші жеңісіне қол жеткізді
06.05.2026, 11:00
«Арсенал» финалға шықты
06.05.2026, 09:00