Конькимен жүгіруден Қазақстан чемпиондары анықталды
Бүгін Астанада конькимен жүгіру көпсайысы бойынша Қазақстан чемпионаты аяқталды. Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында Денис Кузин, әйелдер арасында – Екатерина Айдова чемпион атанды.
Үш күн бойы «Алау» мұзайдын сарайында өткен чемпионатқа сегіз аймақтан келген спортшылар қатысты. Жарыстар ересектер мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылды. Жалпы, 13 медаль жиынтығы сарапқа салынды.
500, 1500, 1000 және 3000 метрге жүгіруде жиналған ұпай саны бойынша Екатерина Айдова көш бастады, Татьяна Климчук екінші, Мария Сизова үшінші орында.
Ерлер арасында барлық қашықтықтар бойынша жарыстарда Денис Кузин үздік атанды. Дмитрий Морозов күміс, Александр Кленко қола медаль еншіледі.
Жасөспірімдер арасында классикалық көпсайыстан Демьян Гаврилов, қыздар арасында Александра Примак топ жарды.
Конькимен жүгіру спортынан мемлекеттік бапкер Кенже Сәрсекенованың айтуынша, чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының алдағы маусымдағы құрамы анықталады.
Келесі маусымда спортшылар басты жарыс – Алматы қаласында өтетін Универсиадаға дайындалатын болады.
astana.gov.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25