«Қазақстан» РТРК» АҚ қызметкері Мұрат Ерғалиев киокушинкай каратэден РОФА-2016 чемпионатында күміс медаль иеленді
3 сәуір күні Ресейдің Екатеринбург қаласында киокушинкайдан Ресейдің Орал федеральді аймағының чемпионаты өтті.
Турнирге ерлер, әйелер және ардагерлер қатысты. Ардагерлер арасындағы сайысқа әлемнің үш дүркін чемпионы – Олег Векшин қатысып, 40 жастан асқан спортшылар арасында чемпион атанды.
Сондай-ақ, бұл біріншілікке «Қазақстан» РТРК» АҚ қызметкері Мұрат Ерғалиев те қатысты. Ол ардагерлер арасындағы 75 келі салмақта сынға түсіп, чемпионаттың күміс жүлдесін иеленді.
Айта кетейік, әріптесімізі Мұрат Ерғалиев бұған дейін Мәскеуде өткен киокушинкай каратэден халықаралық «Мәскеу Кубогы» турнирінен қола жүлдемен оралса, аталмыш турнирдің былтырғы жарысында күміс жүлде иеленген болатын.
Сонымен қатар, Мұрат Ерғалиев киокушинкай каратэден қара белбеу (1-дан) иегері.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25