V Алматы марафонына 20 мыңнан астам адам қатысты
Мерейлі жарыс «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, оған Қазақстанның әр түкпірінен және жақын-алыс шетелден 20 мыңнан астам адам қатысты. Олардың арасында Алматы әкімі Б.Байбек, танымал спортшылар, мәдениет қайраткерлері, бизнесмендер, кәсіби және әуесқой марафоншылар мен мегаполистің тұрғындары да болды.
Бауыржан Байбек жарыс басталар алдында марафонның барған сайын қанат жайып келе жатқандығын айтып, оған қатысушылардың барлығына жеңіс тіледі. Аталған жарысқа қатысушылар аясы жыл өткен сайын кеңи түсуде. Биыл оған қатысуға 40 елдің жүгірушілері өтініш берді. Алғашқы жылы 3 мың адам, биыл 20 мың адамнан асты.
V Алматы Марафонының бағдарламасына 3 км, 10 км, 21 км, 42 км 195 м, марафон эстафетасы (экиден) енген. Бұқаралық жарыстың Орталық стадиондағы мәресінде жеңіпаздар мен жарысқа қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25