«Астана» велокомандасы «Dubai Tour-2015» көпкүндігіне қатысады
«Dubai Tour-2015» ұйымдастырушылары жарыстың екінші додасына қатысатын командалардың тізімін жариялады.
Халықаралық велошабандоздар одағының Азия туры күнтізбесіне енген жарыс 2015 жылдың 4-7 ақпан аралығында Біріккен Араб Әмірлігінің астанасы Дубайда өтеді, деп хабарлайды velolive.com.
Көпкүндікке 16 команда қатысады, оның ішінде Әлемдік турдың 10 ұжымы бар. Бұл тізімге қазақстандық «Астана» велокомандасы да енді. Әр командада 8 спортшы болады.
Жарыс Дубай кеңесі мен Джиро д’Италия додасын ұйымдастырушысы RCS Sport компаниясының әріптестігінің аясында өтеді.
Еске сала кетейік, 2014 жылдың ақпанында Дубай туры алғашқы рет ұйымдастырылып, BMC командасының америкалық велошабандозы Тэйлор Финни жеңіске жеткен еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00