Алматыда самбодан Әлем Кубогының кезеңі өтеді
Алматы қаласында 24-25 қаңтарда ерлер мен әйелдер арасындағы спорттық және әскери самбодан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев жүлдесі үшін Әлем Кубогының кезеңі өтеді.
Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында өтетін турнирге 24 елдің самбошылары қатысады. Жарысқа қазақстандық самбошылармен қоса 400-ге жуық спортшы сынға түседі.
Алматы қаласы 2014 жылы да әлем Кубогының кезеңін қабылдаған. Ол жарысқа 18 елден 350 спортшы қатысқан. Сонымен қатар, халықаралық олимпиадалық комитет (ХОК) халықаралық самбо федерациясының (FIAS) самбоның Олимпиада ойындарының бағдарламасына қосу туралы өтініш кітабын қабылдаған.
Әлем Кубогының кезеңін «KAZsport» телеарнасынан көре аласыздар.
Яғни, 22 қаңтарда Әлем Кубогының алғашқы күніндегі іріктеу жекпе-жектері «KAZsport» телеарнасында сағат 22:00-де, ал финалдық жекпе-жектер сағат 00:30-да көрсетіледі.
23 қаңтарда «KAZsport» телеарнасында екінші күннің іріктеу кезеңіндегі жекпе-жектер 21:40-та, ал финалдық жекпе-жектер 00:25-те көрсетіледі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00