Дидар Хамза дзюдодан «European Open» жарысының жеңімпазы атанды
Кеше Австрияның Оберварт қаласында дзюдо күресінен «EuropeanOpen» жарысы аяқталды. Турнирге 48 елден келген 242 спортшы қатысты. Алғашқы күннің қорытындысы бойынша 73 келідегі дзюдошымыз Дидар Хамза чемпион атанды, деп жазады дзюдо федерациясының ресми сайты.
Дидар Хамза алдымен румындық Роберт Флорин Папты жеңіп, кейін австриялық Христофер Вагнерден басым түсті. Мұнан соң, мысырлық Мохамед Мухелдинді ұтып, жартылай финалда Бразилия палуаны Алек Вилиам Помбо Да Силваны тізе бүктіртті. Ал, финалдық кездесуде Дидар Хамза тағы бір Бразилия өкілі Маркело Континиді жеңіп, «European Open» жарысының жеңімпазы атанды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25