Дзюдодан Алматыда өтетін «Grand Prix» жарысына 70-тен астам ел қатысатынын растады
Бұл додаға әлемнің 70-тен астам елінен спортшылар қатысады деп жоспарлананған. Бүгінгі таңда 76 мемлекеттің спортшылары жарысқа қатысуға өтініш білдірді. Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сәйкес, алаң иелері әр салмақ дәрежесі бойынша төрт спортшыға дейін қатыстыра алады.
«Grand Prix» Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында 13 мамырда сағат 10:00-де басталып, финалдық кездесу сағат 17:00 өтеді. 13 мамыр сағат 16:30-да турнирдің ресми ашылуы болады. Ал, оған дейін сағат 15:00-де дзюдо академиясының ашылу салтанаты жоспарланған.
Жарыстың жалпы жүлде қоры 100 000 АҚШ доллары. Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орын алған дзюдошыға 2400 доллар, бапкеріне 600 доллар беріледі. Екінші орын үшін палуан 1600 доллар, бапкері 400 доллар алады. Ал, қола медаль иегері 800 доллармен марапатталады, жаттықтырушысына 200 доллар сомасында қаржылай сыйлық табысталады.
Сонымен қатар, «Grand Prix» жарысы аясында Дзюдо академиясы ресми түрде ашылмақ.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25