Тео Уолкотт пен Сейдо Берахино Англия құрамасына шақырту алуы мүмкін
«Арсенал» клубының жартылай қорғаушысы Тео Уолкотт пен «Вест Бромвич» командасының жас шабуылшысы Сейдо Берахино Словения мен Шотландиямен болатын ойынға шақырту алуы тиіс.
Тізесіне қатты зақым алған Тео әзірге тек ойын соңында командаластарын алмастыруға шығып жүр. Алайда, Англия құрамасының бас бапкері Рой Ходжсон оны командана ойнағанын қалайды. Егер 25 жастағы Уолкотт ұлттық құрамаға шақыртылса, онда бұл 1 жыл астам уақыттағы алғашқы шақырту болады, деп хабарлайды Daily Mail.
15-қарашада Еуро-2016 турнирінің іріктеу ойнында Англия «Уэмблиде» Словения құрамасын қабылдайды. Ал, 18-қарашада Шотландияда жолдастық кездесу өткізеді. Ходжсон осы ойындарға дейін Уолкотт өз бабына келетініне сенімді.
Сонымен қатар, ұлттық құрама сапына 21 жастағы Сейдо Берахино да шақырту алуы мүмкін. Себебі «Вест Бромвич» клубының шабуылшысы Ағылшын Премьер лигасында 7 гол соғып, ең нәтижелі ағылшындық атанып отыр. Сейдо басқа ағылшындық шабуылшыларға қарағанда (Уэйн Руни, Рики Ламберт және Данни Уэлбектің голдарын қоса есептегенде) көп гол соққан.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық таеквондошылар Пәкістандағы турнирде екі алтын медаль жеңіп алды
21.08.2026, 11:50
Ғабит Расулхан дзюдодан Әлем чемпионатында топ жарды
21.08.2026, 10:35
Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің ширек финалына шықты
20.08.2026, 10:00
Харри Кейн екінші рет «Алтын бутсы» иегері атанды
20.08.2026, 09:30
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі: Алғашқы матчтар нәтижесі
20.08.2026, 09:00
Венгрияда өтетін Grand Slam турниріне қатысатын дзюдошылар тізімі жарияланды
19.08.2026, 15:40
Ислам Чесноков «Крылья Советов» ойыншысы атанды
19.08.2026, 11:00
Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды
19.08.2026, 09:50