Қазақстандық «Capital Bank Kazakhstan» банкі «Арсенал» клубының серіктесі атанды
Үш жылдық әріптестік арқылы «Арсенал» клубы Қазақстандағы жанкүйерлеріне жақындайды. Келісімшарт бойынша «Capital Bank» ағылшындық клубқа нәсиелік және дебиттік карталар жасау, клубтың ресми нышандары мен өз алаңындағы ойындар барысында билеттерді сату сияқыты көп салада әріптестік көмек көрсетеді.
Сонымен қатар, «Арсенал» бапкерлері жыл сайын Қазақстанға келіп, оқыту курстарын өткізеді.
«Арсенал» клубының коммерциялық директоры Венай Венкатешам:
Біз осы келісімшартқа қол қойғанымызға қуаныштымыз. Сонымен қатар, Ағылшын Премьер-Лигасындағы командалар арасында Қазақстанмен әріптестік орнатқан алғашқы клуб болғанымызды мақтан тұтамыз.
«Capital Bank Kazakhstan» банкінің бас атқарушы директоры Ғани Өзбеков:
«Арсенал» сияқты танымал командамен әріптестік орнату – біз үшін мәртебе. Біз өзіміздің клиенттерімізге кәсіби банк қыметін көрсетіп қоймай, «Emirates Stadium» мен «Арсенал» футбол клубының атмосферасын сезінуге мүмкіндік береміз.
Фото: arsenal.com
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00