Қазақстан мен Франция қазақстандық футболды бірлесе дамытуға келісті
2014 жылғы 21 қараша күні Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі Тастанбек Есентаев Францияның Индустрия және инновация вице-министрі Эрик Бессонмен кездесті. Сонымен қатар, Эрик Бессон – Франция чемпионатының екінші дивизионында ойнайтын «Гавр» (Le Havre Athletic Club) футбол клубының қожайыны.
Кездесу барысында тараптар өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сөз арасында Эрик Бессон қазақстандық жас футболшыларды даярлау ісінде көмек қолын созғысы келетіндігін жеткізді.
«Біздің жоғары білікті мамандар Қазақстанға келіп, футболшыларды кәсіби тұрғыда даярлауға әзір», – деді Эрик Бессон.
Тастанбек Есентаев франциялық әріптесіне әуелі «Қайрат» футбол клубымен келісімшарт жасасуды ұсынды.
«Бүгінде «Қайрат» ФК-ның базасы Қазақстанда үздіктердің қатарында. Министрлік тарапынан біз ынтымақтастыққа мүдделіміз және барынша жәрдемдесуге дайынбыз», – деп келтіреді вице-министрдің сөзін Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігінің ресми сайты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00