«Барселонаның» бұрынғы тактикалық жаттықтырушысы Қазақстанның жастар құрамасын бапкері атанды
Футболдан Қазақстанның жастар құрамасының (U-17) бас бапкері болып испаниялық Карлес Марторелл Бакес тағайындалды, деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі.
Карлес Бакес 20 желтоқсанда ҚФФ-да өтетін баспасөз мәслихатында ресми түрде таныстырылады. Ол жаттықтырған Испания жастар құрамасы осы жазда ҚР Президенті Кубогын иеленген.
Айта кетейік, Карлес Марторелл Бакес «Барселона» клубында жұмыс істеп жүрген кезде бапкерлік әдістеме бойынша шебер дәрежесі және PRO A дәрежесіндегі ФИФА-ның бапкерлік лицензиясы болды. Бұл – Испания футбол лигасы үшін ең жоғары дәрежедегі лицензия.
«Барселона» футбол клубында тренер-директор болып жұмыс істеді. Ол команданы басқару және тактикаға жауап беретін маманның қызметін атқарған.
Фото: azerisport.com
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық таеквондошылар Пәкістандағы турнирде екі алтын медаль жеңіп алды
21.08.2026, 11:50
Ғабит Расулхан дзюдодан Әлем чемпионатында топ жарды
21.08.2026, 10:35
Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің ширек финалына шықты
20.08.2026, 10:00
Харри Кейн екінші рет «Алтын бутсы» иегері атанды
20.08.2026, 09:30
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі: Алғашқы матчтар нәтижесі
20.08.2026, 09:00
Венгрияда өтетін Grand Slam турниріне қатысатын дзюдошылар тізімі жарияланды
19.08.2026, 15:40
Ислам Чесноков «Крылья Советов» ойыншысы атанды
19.08.2026, 11:00
Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды
19.08.2026, 09:50