Әділбек Жақсыбеков ФИФА медалімен марапатталды
Әділбек Жақсыбеков Қазақстандағы футболды дамытуға қосқан үлесі үшін ФИФА медалімен марапатталды. Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан Футбол Федерациясы өткізген конференция барысында айтылды.
ФИФА Президенті Йозеф Блаттер хат арқылы Жақсыбеков мырзаға алғысын жеткізді. Сондай-ақ, конференция барысында Әділбек Жақсыбековтың атына УЕФА Президенті Мишель Платинидің атынан да алғыс хат келгені айтылды. Видеохабарламада ол Әділбек Жақсыбековтің қазақстандық футболды дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалап, алдағы жұмыстарында жаңа жетістіктер тіледі.
Жиынға өңірлік футбол федерацияларының делегаттары, ҚФФ атқару комитетінің мүшелері, Премьер-Лига және Бірінші-Лига футбол клубтарының өкілдері қатысты.
Конференцияның ашылуында сөз алған Әділбек Жақсыбеков өзінің Қазақстан Футбол федерациясының Президенті ретіндегі өкілеттігі тоқтатылатынын мәлімдеді.
Өз сөзінде Ә. Жақсыбеков, бүгінде ҚФФ еуропалық футбол қауымдастығының толыққанды мүшесі, сондай-ақ қадамын нық басқан мықты құрылым екенін атап өтті.
Атқарылған жұмыстарды қорытындылай келе, Әділбек Жақсыбеков, отандық футболды тұрақты дамытуға байланысты алда жаңа міндеттердің тұрғанын айтты.
Конференция шешімімен Әділбек Жақсыбековке ҚҚФ құрметті қайраткері атағы тапсырылды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық таеквондошылар Пәкістандағы турнирде екі алтын медаль жеңіп алды
21.08.2026, 11:50
Ғабит Расулхан дзюдодан Әлем чемпионатында топ жарды
21.08.2026, 10:35
Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің ширек финалына шықты
20.08.2026, 10:00
Харри Кейн екінші рет «Алтын бутсы» иегері атанды
20.08.2026, 09:30
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі: Алғашқы матчтар нәтижесі
20.08.2026, 09:00
Венгрияда өтетін Grand Slam турниріне қатысатын дзюдошылар тізімі жарияланды
19.08.2026, 15:40
Ислам Чесноков «Крылья Советов» ойыншысы атанды
19.08.2026, 11:00
Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды
19.08.2026, 09:50