«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы футзалдан Еуропа чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді
Ұлттық арна футзалдан Қазақстан құрамасы мен плей-офф кезеңінің барлық ойындарын тікелей эфирде көрсетеді.
2-13 ақпаны аралығында Сербия астанасы Белградта футзалдан Еуропа чемпионаты өтеді. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы халықаралық турнирді тікелей эфирде көрсетеді.
Еуропа чемпионатының тарихында алғаш рет Қазақстан құрамасы да бақ сынайды. Біздің команда іріктеу кезеңінде Еуропадағы мықты командалардың бірі Португалияны ұтып, сенсация жасаған еді. Ал, қосымша плей-офф сынында жігіттеріміздің Босния және Герцеговина спортшыларын 9:0 есебімен жеңді.
Айта кетейік, Еуропа біріншілігінің финалдық кезеңінде Қазақстан құрамасы ширек финалға берілетін жолдаманы Ресей және Хорватия құрамаларымен сарапқа салмақ. Әр топтан келесі кезеңге көрсеткіштері жоғары екі команда шығады.
«Қазақстан» телеарнасының көрермендері Қазақстан құрамасының топтық кездесулері мен плей-офф кезеңіндегі финалды қоса алғанда барлық матчтарды тікелей эфирде тамашалай алады.
Сонымен қатар, барлық трансляциялар келесі күні «Kazsport» телеарнасында қайталанады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің ширек финалына шықты
20.08.2026, 10:00
Харри Кейн екінші рет «Алтын бутсы» иегері атанды
20.08.2026, 09:30
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңі: Алғашқы матчтар нәтижесі
20.08.2026, 09:00
Венгрияда өтетін Grand Slam турниріне қатысатын дзюдошылар тізімі жарияланды
19.08.2026, 15:40
Ислам Чесноков «Крылья Советов» ойыншысы атанды
19.08.2026, 11:00
Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды
19.08.2026, 09:50
Астанада Президент Кубогының жеңімпаздары анықталды
18.08.2026, 12:11
Елена Рыбакина Цинциннати турнирінің 1/8 финалына шықты
18.08.2026, 10:25