«Kazsport» Грузия-Қазақстан жолдастық матчын тікелей эфирде көрсетеді
Бүгін футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы мен Грузия құрамасы арасындағы жолдастық кездесуді «Kazsport» телеарнасы сағат 22:50-де тікелей эфирде көрсетеді.
Қазірге дейін Қазақстан мен Грузия футболшылары жасыл алаңда 3 рет кездескен. Әр құрама 1 реттен жеңіп, 1 рет тең ойнаған. Сондай-ақ, 1 рет жеңілген.
Қазақстан футболшылары мен Грузия құрамасы ең алғаш рет 2006 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде жолығып, қонақтар 1:2 есебімен жеңіске жеткен. Ал, Грузияда өткен екінші қарымта кездесуде қос құрама тең тарқасқан.
Қазақстан мен Грузия арасындағы үшінші ойын 2013 жылы өтіп, Қазақстан Ұлттық құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді.
Қазақстан Ұлттық құрамасы ФИФА рейтингінде 125 орында болса, Грузия құрамасы 122 орында келеді.
Фуболдан Ұлттық құрама биылғы жылдың алғашқы кездесуін өткен сенбі, яғни 26 наурызда Әзірбайжан құрамасына қарсы өткізіп, 1:0 есебімен ұтқан болатын.
Айта кетейік, Қазақстан футбол федерациясы Грузия футбол федереациясымен жолдастық матчтың көрсету құқығын келісіп, ҚФФ трансляция құқығын «Kazsport» телеарнасына берді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25