«Қайрат» футбол клубының бас бапкері Александр Бородюк қызметінен кетті
Бородюк «Қайрат» клубының бас бапкері қызметіне 2015 жылдың 28 желтоқсанында келді.
«Қайрат» футбол клубының бас бапкері Александр Бородюк алматылық клубпен келісімшартты үзді, - деп хабарлайды fckairat.kz.
Келісімшарт ресейлік маманның бастамасымен тоқтатылған. «Клубтың басшылығы бапкерді қызметінде қалдыруға тырысты, дегенмен Александр Бородюк «Қайрат» клубынан кетуге шешім қабылдады. «Қайрат» футбол клубы Александр Генриховичке біздің клубта жасаған жұмыстары үшін алғыс айтып, сәттілік тілейді», - делінген клубтың сайтында.
Бородюктің қызметінен кететіні туралы мәлімет алматылық клубтың «Ақжайықтан» жеңіліп қалуынан кейін шыға бастаған еді. Үш ойын өтсе де, «Қайраттың» қоржынында бір-ақ ұпай бар.
Айта кетейік, Бородюк «Қайрат» клубының бас бапкері қызметіне 2015 жылдың 28 желтоқсанында келді. 53 жастағы ресейлік маман алматылық клубты үш жыл жаттықтыруы тиіс еді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
АҚШ – Босния және Герцеговина: Тікелей эфир!
01.07.2026, 17:00
Бибісара Асаубаева әлемнің үздік шахматшыларының қатарына қосылды
01.07.2026, 12:20
Бельгия – Сенегал: Тікелей эфир!
01.07.2026, 12:12
Англия – Конго ДР: Тікелей эфир!
01.07.2026, 12:00
Мексика 1/8 финалға жолдама алды
01.07.2026, 11:00
Александр Бублик Уимблдонның екінші кезеңіне өтті
01.07.2026, 09:00
Елена Рыбакина жарысты жеңіспен бастады
01.07.2026, 07:00
Франция құрамасы Швецияны талқандап тастады
01.07.2026, 06:00