Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы 7 маусымда Далянь қаласында Қытай командасымен кездеседі
Қазақстан футбол федерациясы Қазақстан Ұлттық құрамасы мен Қытай Халық Республикасының құрамасы жолдастық матч өткізетіні туралы ресми түрде хабарлайды.
Екі елдің Футбол федерациялары бұл матчты өткізу жөніндегі келісімге қол қойды. Ойын 7 маусым күні Далянь (ҚХР) қаласында өтеді.
Федерациялар арасындағы келісімге сәйкес, матчты ұйымдастыру бойынша барлық шығындарды, қазақстандық делегацияның жолы мен орналасуын және басқа да шығындарды Қытай тарапы көтереді.
Ойынға дайындық жүргізу үшін Қазақстан Ұлттық құрамасы 3-8 маусым аралығында жаттығу жиынын жоспарлап отыр. Осыған сәйкес, Қазақстан Чемпионатының Премьер-лига ойындарының уақыты өзгертіледі: 14-тур матчтары 4 маусымнан 2 маусымға жылжытылады, ал 15-тур ойындары 8 маусымнан кеш мерзімге шегеріледі.
Тиісті шешім 18 мамыр күні өтетін Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының кеңесі нде қабылданады.
2016 жылдың 7 сәуіріне дейінгі мәліметке сәйкес, Қытай құрамасы ФИФА рейтингінде 81-сатыда тұр.
ҚФФ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25