Ертең «Қазмедиа орталығында» «Қазақстан» РТРК футболдан Еуропа чемпионатын көрсетуге байланысты брифинг өткізіледі
27 мамыр күні сағат 10.00-де «Қазмедиа орталығындағы» 15-қабатта «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының футболдан Еуропа чемпионатын (UEFAEURO 2016) көрсетуге байланысты брифинг өткізіледі.
Баспасөз мәслихатына Нұржан Мұхамеджанова – «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы, Павел Цыбулин – «Kazsport» телеарнасының директоры, Махат Садық – «Қазақстан» РТРК» АҚ Радиохабар тарату дирекциясының бас директоры – Қазақ радиосының директоры, Данияр Нұрғазин – Басқарма төрағасының орынбасары қатысады.
БАҚ өкілдерін аккредитациялау үшін 26.05.2016ж. сағат 20:00-ге дейін аты-жөні мен байланыс телефондары көрсетілген ақпаратты madina_azim@mail.ru адресіне жіберулеріңізді сұраймыз. Байланыс телефоны: 8 (7172) 55 38 25;
Айта кетейік, футболдан Еуропа чемпионаты 10 маусым және 10 шілде аралығында Францияның 10 қаласында өтеді.
Еуропа чемпионатын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25