Ауыр атлетика қауымдастығының президенті Елбасыға алғыс білдірді
Ауыр атлетикадан Әлем чемпионатының табысты өтуіне байланысты Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) президенті Тамаш Аяннан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына хат келді.
Автор өзінің хатында Алматыда өткен чемпионат осы жарыс түрінің тарихындағы ең табысты турнир болғанын атап өткен.
Ол Мемлекет басшысына, Үкімет мүшелеріне және спорт қайраткерлеріне аталған жарысты лайықты деңгейде ұйымдастыруға айрықша көңіл бөлінгені үшін ризашылығын білдіреді.
IWF президенті Қазақстан атлеттері жоғары нәтижелерге қол жеткізгенін айта отырып, жалпы бұл турнир нәтижелері бүкіл әлемде зор резонанс тудырғанына тоқталады.
Сонымен қатар, хатта Алматыда халықаралық ауыр атлетика федерациясының жыл сайынғы конгресі өткені, оның барысында Федерацияның 109 жылдық тарихында маңызды мәнге ие болған шешімдер қабылданғаны айтылады.
Соңында Т.Аян ауыр атлетикадан Әлем чемпионаты 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізу үшін Алматының кандидатурасын ілгерілетуге септігін тигізгеніне назар аударған, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында тағы екі алтын медаль жеңіп алды
02.11.2026, 11:32
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00