«Қазақстан Барысына» қатысатын палуандар салмақ өлшеді
Бүгін Астанадағы «Хан-Шатыр» ойын-сауық орталығында қазақ күресінен республикалық «Қазақстан Барысы-2014» турниріне қатысатын 28 палуан салмақ өлшеді.
Салмақ өлшеу рәсімін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының жүргізушісі Бейсен Құранбек жүргізді. Таразыға ең бірінші болып көтерілген астаналық палуан Арман Әбеуовтің салмағы 120 келіні құрады.
«Қазақстан Барысы-2013» жеңімпазы, Шығыс Қазақстан облысының палуаны Айбек Нұғымаровтың салмағы – 135 келі.
Бұл додада 2012 жылы топ жарған Бейбіт Ыстыбаевтың салмағы «Шығыс барысынан» он келі жоғары.
Финалдық бәсекеде белдесетін палуандардың ең ауыры Жұманазар Ерсұлтанов болды. Оңтүстік Қазақстан облысының намысын қорғайтын палуанның салмағы – 161 келі.
Ал «Қазақстан Барысы» додасының алғашқы маусымында жеңіске жеткен Ұлан Рысқұл биылғы қатысушыларға сәттілік тіледі.
Айта кетейік, бүгінгі шарада жанкүйерлер арасында әртүрлі ойындар ұйымдастырылды. Таразыға көтерілген палуанның салмағы дәл тапқан жанкүйерлерге финалдық бәсекенің билеті тарту етілді.
Сонымен қатар, салмақ өлшеу шарасын тамашалауға келген жанкүйерлерге дастархан жайылды. Келушілер «Қазақстан Барысы» сүті мен бауырсақтан дәм татты.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан Барысы-2014» турнирінің финалдық бәсекесі жексенбі, 29 маусымда елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтеді.
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы бұл жарысты тікелей эфирде көрсетеді. Көрсетілім Астана уақытымен 13:00-де басталады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Теннисші Жібек Құламбаева Үндістанда екі титул жеңіп алды
30.03.2026, 12:53
«Qazsport» телеарнасы бокстан Азия чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді
30.03.2026, 12:51
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің жартылай финалында жеңіліс тапты
27.03.2026, 10:00
Диас Жиренбаевтың қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
26.03.2026, 16:20
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінде жартылай финалға шықты
26.03.2026, 11:00
Софья Самоделкинаның қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
25.03.2026, 19:30
Қазақстан құрамасы Намибияны 2:0 есебімен жеңді
25.03.2026, 19:00
Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
23.03.2026, 09:45