2014 жылғы «Қазақстан Барысы» Мұхит Тұрсынов магистрлік диплом алды
Бүгін Қазақ спорт және туризм академиясының магистратурасын бітірушілерге дипломдар табысталды. Оқу орнын тәмамдағандардың ішінде «Қазақстан Барысы-2014» додасының жеңімпазы Мұхит Тұрсынов, Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев, Қазан Универсиадасының қола жүлдегері Әлихан Жұмаев, самбодан 2014 жылғы Қазақстан чемпионы Алтынай Балтина бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бізде бірнеше Олимпиада чемпионы бар. Ал, «Қазақстан Барысы» жалғыз»,- деді оқу орнының ректоры Закирьянов Қайрат балуанға дипломды табыстай отырып.
Айта кетейік, Мұхит Тұрсынов Семей мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі және спорт кафедрасында мұғалім болып қызмет етеді. Бүгін оған академия ректоры тарапынан «ұлттық спорт»кафедрасына мұғалім ретінде орналасу ұсынылды.
Мұхит өзінің докторантураға түсуге әлі асықпайтынын айтты.
«Алда әлі Азия чемпионаты, «Еуразия барысы» сияқты дүбірлі додалар бар. соған дайындалуым керек. Осы жолы Қазақстан барасына қатысатын кезде соңғы 3-4 ай сабақтан қалуыма тура келді. Әрине, мұғалімдердің келісімімен», - деді палуан
Сонымен қатар, спортшы турнирде жеңіп алған ақшасын қайда жұмсайтынын айтты.
«Мен 150 мың долларды өзімнің ата-анама, менің осы деңгейге жетуіме үлес қосқан адамдарға беремін. Мені әкем мен Ербол Мырзағасынов деген бапкерім төрт жыл бой үздіксіз дайындады. Ол кісі бүкіл қарсыласымды таспаға түсірді. Олардың арқасында менің әр қарсыласыма пайдаланатын өзіндік тактикам болды. Ол спортшылармен үнемі кездесіп жүрміз ғой. Бірақ, осы жолы менің Бейбіт Ыстыбаевты жеңе алатынымды дәлелдегім келді», - деді спортшы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Семсерлесу: Әлем кубогына қатысатын ұлттық құрама тізімі белгілі болды
15.05.2026, 16:50
Бокс: Қазақстан U15 құрамасы 7 алтын медальға ие болды
15.05.2026, 10:35
Бокстан Олимпиадалық салмақ дәрежелері белгілі болды
14.05.2026, 12:00
Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шыға алмады
14.05.2026, 11:00
«ПСЖ» Франция чемпионы атанды
14.05.2026, 09:30
«Интер» Италия кубогын иеленді
14.05.2026, 09:00
Нұрбол Жұмасқалиев «Ертіс» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды
13.05.2026, 12:30
Ауыр атлетика: арулар арасында жеңімпаздар анықталды
13.05.2026, 11:55