Таразда ІІ ауыл жасөспірімдерінің жазғы ойындары 6-10 тамыз аралығында өтеді
Таразда ІІ ауыл жасөспірімдерінің жазғы ойындары 6-10 тамыз аралығында өтеді. Аталған бұқаралық спорттық турнирге 1997-1999 жылы туған ауыл жасөспірімдері 9 спорт түрінен қатысып, 46 медаль жиынтығын сарапқа салатын болады.
Біріншілікке іріктеу ойындары мамыр мен маусым айында өткен болатын. Іріктеу жарыстарының нәтижесінде турнирге Астана мен Алматы қалаларынан басқа еліміздің 14 өңірінен жарысқа қатысушы спортшылар анықталды.
Волейбол, шағын футбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, еркін күрес, асық ату, үстел теннисі, таэквондо мен жазғы президенттік көпсайыстан шешуші сайыстар Тараз қаласындағы спорт ғимараттарында өтеді.
Жазғы ойындарды Қазақстан Республикасының Спорт және дене шынықтыру істер агенттігі мен Жамбыл облысының әкімдігі ұйымдастырып отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз WBO титулын сарапқа салады
14.08.2026, 18:04
«Qazsport» телеарнасы «Қазақстан Барысы - 2026» турнирін тікелей эфирде көрсетеді
14.08.2026, 15:45
Елена Рыбакина финалда есе жіберді
14.08.2026, 14:02
Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан әлем чемпионатының финалына шықты
14.08.2026, 12:00
Ферран Торрес «ПСЖ» ойыншысы атанады
14.08.2026, 10:12
«Тобыл» - «Партизан»: Тікелей эфир
13.08.2026, 15:30
Ауыр атлетика: Ақжол Құрманбек жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
13.08.2026, 13:00
«ПСЖ» УЕФА Суперкубогын иеленді
13.08.2026, 08:30