Тараз қаласында жасөспірімдер арасында ІІ жазғы ауыл ойындары басталды
Бүгін Тараз қаласында республикалық II жазғы ауыл ойындары басталды. Аталмыш жарысқа 1997-1999 жылы дүниеге келген жасөспірімдер спорттың 9 түрі бойынша 46 медаль жиынтығын сарапқа салатын болады. Республикалық кубок тамыз айының 10-на дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тараз қаласының спорт алаңдарында қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату, волейбол, шағын футбол, еркін күрес пен үстел теннисі, таэквондо және Президенттік жазғы көпсайыс бойынша шешуші бәсекелер өткізіледі. Айта кетейік, Астана мен Алматы қалалары бұл ойындарға қатыспайды.
Ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар күнтізбесі:
Қазақ күресінен -46 кг, -51 кг, -57 кг, -64 кг, -72 кг, -81 кг, +81 кг салмақ дәрежелері бойынша 8 тамыз күні «Олимпик» спорт кешенінде жартылай финал мен финал өтеді. Ал тоғызқұмалақ пен асық атудан сайыстар «Тараз-Арена» спорт кешенінде 7, 8, 9 тамыз күндері өткізіліп, 10 тамызда шешуші ойындар ұйымдастырылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз WBO титулын сарапқа салады
14.08.2026, 18:04
«Qazsport» телеарнасы «Қазақстан Барысы - 2026» турнирін тікелей эфирде көрсетеді
14.08.2026, 15:45
Елена Рыбакина финалда есе жіберді
14.08.2026, 14:02
Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан әлем чемпионатының финалына шықты
14.08.2026, 12:00
Ферран Торрес «ПСЖ» ойыншысы атанады
14.08.2026, 10:12
«Тобыл» - «Партизан»: Тікелей эфир
13.08.2026, 15:30
Ауыр атлетика: Ақжол Құрманбек жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
13.08.2026, 13:00
«ПСЖ» УЕФА Суперкубогын иеленді
13.08.2026, 08:30