Ақтауда жекпе-жектен облыстық турнир басталды
Ақтау қаласында ұлттық спортымыздың бір түрі – жекпе-жектен турнир басталды. Облыстық жарысқа Түпқараған, Бейнеу, Мұнайлы, Қарақиян аудандарынан және Ақтау мен Жаңаөзен аудандарынан 70-тен аса спортшы жиналды. Спортшылар 9 салмақ дәрежесінда сынға түсті.
2011 жылы құрылған республикалық федерацияның Маңғыстау облысындағы президенті болып Арман Әбілдә сайланды. Ол кикбоксингтен Қазақстанның 11 дүркін және халықаралық жарыстардың 13 дүркін чемпионы.
«Қазіргі таңда ұлттық спорт қарқынды дамуда. Жекпе-жек спортына ушу саньда, панкратион, кикбоксингтің ережелері алынды. Біз жастарға төбелес тек ринг алаңында болу керек екенін айтамыз. Өз қарсыласыңды құрметтеу керек», - дейді Арман Әбілдә.
Бұл жекпе-жектен Қазақстан чемпионатына іріктеу жарысы. Бірінші және екінші орын алған спортшылар Қазақстан чемпионатына жолдама алады.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00