«Алтын тұлпар» аламан бәйгесі өтеді
14-ші қыркүйек күні Астана қаласы маңындағы Қабанбай батыр ауылы аумағында 43 шақырымдық аламан бәйгеден «Алтын тұлпар» республикалық турнирі өтеді.
Турнирге республикамыздың барлық 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларының әрқайсысы 10 аттан қатыстырады деп жоспарлануда. Жарысқа аттардың барлық тұқымы жіберіледі.
«Алтын тұлпар» аламан бәйгесі деген атына сай, жүлде қоры да қомақты. Мәреге алғашқы жеткен 9 тұлпарға жүлде беріледі. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығынан аты аңызға айналған «Құлагер», «Байшұбар», «Қубас», «Қарақасқа», «Ақтабан», «Боз ауыз», «Тайбурыл,» «Көкбурыл», «Шалқасқа», «Тарлан ат» номинациялары бойынша диплом және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.
Осы шара аясында «Ат сыншысы» байқауы ұйымдастырылады. Ата дәстүрін жалғап, шын жүйрікті жазбай таныған сыншыға «Толыбай сыншы», «Күреңбай сыншы», «Кейхауыс сыншы» атындағы арнайы жүлделер тағайындалған. Сондай-ақ, ұлттық жәдігерлер көрмесі мен ұлттық қөлөнер шеберлерінің шеберхана көрінісі ұйымдастырылып, ат тағалаушы шеберлердің жарысы өтеді.
Турнирді «Нұр Отан» партиясы қолдауымен ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі өткізеді. «Алтын тұлпар» турнирінің бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры.
Фото: ulttyqsport.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз WBO титулын сарапқа салады
14.08.2026, 18:04
«Qazsport» телеарнасы «Қазақстан Барысы - 2026» турнирін тікелей эфирде көрсетеді
14.08.2026, 15:45
Елена Рыбакина финалда есе жіберді
14.08.2026, 14:02
Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан әлем чемпионатының финалына шықты
14.08.2026, 12:00
Ферран Торрес «ПСЖ» ойыншысы атанады
14.08.2026, 10:12
«Тобыл» - «Партизан»: Тікелей эфир
13.08.2026, 15:30
Ауыр атлетика: Ақжол Құрманбек жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
13.08.2026, 13:00
«ПСЖ» УЕФА Суперкубогын иеленді
13.08.2026, 08:30