І Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында палуан Амангелді Сатыбалдинов жеңімпаз атанды
Қырғыз елінің Шолпан ата қаласында алғаш рет ұйымдастырылған «І Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында» қазақстандық палуан Амангелді Сатыбалдинов қырғыз күресінен алтын жүлдеге ие болды, деп хабарлайды sk-sport.kz.
60 келіде белдесетін Амангелді Сатыбалдинов ақтық сында кілем қожайыны Бектурсун Толошуулуынан басым түсіп, жеңімпаз атанды.
Амангелдімен қатар, финалға өткен тағы бір отандасымыз Алмат Тойбағаров 74 келіге дейінгі салмақтағы белдесуде Дуулат Момбековке жол беріп қойып, күміс жүлдені қанағат тұтты.
Бұл сынға сақадай-сай дайындалып барған Қазақстан құрамасы қырғыз күресімен қатар, аударыспақ және тоғызқұмалақ сияқты ұлттық спорт түрлерінен сайысқа араласуда.
Ыстықкөл жағасында өтіп жатқан бұл сайысқа Түркия, Ресей, Қазақстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Ресей, Қытай Халық Республикасы, Түркіменстан елдерінен келген спортшылар қатысып жатыр.
Қатысушылар «Кок бору», «Тогуз коргоол», «Қыргыз курошу», «Алыш», «Эр Эниш», «Кунан чабыш», «Жорго салыш», «Кунан чабыш», «Ордо», аламан бәйге, қазақ күресі секілді спорт түрлері бойынша жарысқа түсуде.
Көшпенділер ойыны 14-қыркүйекке дейін жалғасады.
Фото:ulttyqsport.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Семсерлесу: Әлем кубогына қатысатын ұлттық құрама тізімі белгілі болды
15.05.2026, 16:50
Бокс: Қазақстан U15 құрамасы 7 алтын медальға ие болды
15.05.2026, 10:35
Бокстан Олимпиадалық салмақ дәрежелері белгілі болды
14.05.2026, 12:00
Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шыға алмады
14.05.2026, 11:00
«ПСЖ» Франция чемпионы атанды
14.05.2026, 09:30
«Интер» Италия кубогын иеленді
14.05.2026, 09:00
Нұрбол Жұмасқалиев «Ертіс» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды
13.05.2026, 12:30
Ауыр атлетика: арулар арасында жеңімпаздар анықталды
13.05.2026, 11:55