«Алтын тұлпар» аламан бәйгесіне дайындық қызу жүруде
Турнирге республикамыздың барлық 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларынан әрқайсысы 10 аттан, барлығы 160 тұлпар қатыстырылады. Бас жүлде - 10 миллион теңге.
Жарыстың басты ерекшелігі – аттар қазақтың сайын даласында жарысады. Яғни ипподромдағыдай арнайы жер төселмеген, аттар кезіндегі Сағынайдың асында сияқты жазық далада жарысады, дейді ұйымдастырушылар.
Қазіргі уақытта жарыс алаңына түсірілім тобы көрсетілімге қажет қондырғыларды орнатуда. Жарыс жолына 5 жылжымалы телевизиялық станция қойылды. Ат жарысын барлығы 16 камера түсіреді. Аттардың шабысын тамашалау үшін 1 тікұшақ пайдаланылады.
Сонымен қатар, көрермендерге арналған орындар қойылып, киіз үйлер тұрғызылып жатыр.
Мәреге алғашқыдан кейін тағы жеткен 9 тұлпарға да жүлде бұйырады. Жарыс жеңімпаздары «Құлагер», «Байшұбар», «Қубас», «Қарақасқа», «Ақтабан», «Боз ауыз», «Тайбурыл,» «Көкбурыл», «Шалқасқа», «Тарлан ат» номинациялары бойынша диплом және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.
Осы шара аясында «Ат сыншысы» байқауы ұйымдастырылады. Ата дәстүрін жалғап, шын жүйрікті жазбай таныған сыншыларға «Толыбай сыншы», «Күреңбай сыншы», «Кейхауыс сыншы» атындағы арнайы жүлделер тағайындалды. Жарысқа Алматы облысының атақты сыншысы Нәркен ата да келген.
Турнир жексенбі, 14 қыркүйек күні Астана қаласынан 30 шақырым жерде орналасқан Қабанбай елді мекенінің маңында өтеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Семсерлесу: Әлем кубогына қатысатын ұлттық құрама тізімі белгілі болды
15.05.2026, 16:50
Бокс: Қазақстан U15 құрамасы 7 алтын медальға ие болды
15.05.2026, 10:35
Бокстан Олимпиадалық салмақ дәрежелері белгілі болды
14.05.2026, 12:00
Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шыға алмады
14.05.2026, 11:00
«ПСЖ» Франция чемпионы атанды
14.05.2026, 09:30
«Интер» Италия кубогын иеленді
14.05.2026, 09:00
Нұрбол Жұмасқалиев «Ертіс» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды
13.05.2026, 12:30
Ауыр атлетика: арулар арасында жеңімпаздар анықталды
13.05.2026, 11:55