«Әлем Барысы - 2014» аяқталды

Павлодар қаласында ұйымдастырылған «Әлем Барысы» халықаралық турнирі аяқталды. Финалда қазақстандық Айбек Нұғымаров пен кубалық Оскар Рене Видал Брайсон белдесті.
Бейжің Олимпиадасының жүлдегері Оскар Рене Видал Брайсон шешуші белдесуде мықтылық танытып, алтын белбеуді иеленді. Бас жүлдеге - 100 мың АҚШ доллары берілді.
Екінші орынды Айбек Нұғымаров иеленсе, ресейлік Максим Ширяев үшінші орыннан көрінді.
Тәжікстандық палуан Дадахон Құрбанәлиев «Көрермендер көзайымы» атанса, Чехия палуанына «Үздік техника» атағы берілді.
1 орын – Оскар Рене Видал Брайсон (Куба) – 100 000 АҚШ доллары;
2 орын – Айбек Нұғымаров (Қазақстан) – 20 000 АҚШ доллары;
3 орын – Максим Ширяев (Ресей) – 10 000 АҚШ доллары;
4 орын – Бейбіт Ыстыбаев (Қазақстан) – 6 000 АҚШ доллары;
5 орын – Дадахон Құрбанәлиев – «Көрермен көзайымы» (Тәжікстан) – 4 000 АҚШ доллары;
6 орын – Даниэль Бернар Герардус (Нидерланд) – 3 000 АҚШ доллары;
7 орын – Асыл Бәрменов (Қазақстан) – 2 500 АҚШ доллары;
8 орын – Алтангэрэл Давааням (Моңғолия) – 2 000 АҚШ доллары;
9 орын – Лукаш Крпалек – «Үздік техника» (Чехия) – 1 500 АҚШ доллары;
10 орын – Мацей Сарнацки (Польша) – 1 000 АҚШ доллары;
Фото: kazpravda.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
