Ерейментауда бүркітшілердің оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылды
ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының «Бүркітші» федерациясы оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырды. Құсбегілердің арасында мұндай оқу-жаттығу жиыны бірінші рет ұйымдастырылды.
Бұған дейін өзара жарысып, бәсекелес болып келген бүркітшілер алғаш рет бірге дайындалып, бір-бірімен тәжірибелерін бөлісті.
14 күнге созылған іс-шара Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы «Горная» аңшылық шаруашылығында өткізілді.
Жаттығуға 15 құсбегі мен жаттықтырушылар қатысты. Осылайша құсбегілер таяу күндері Моңғолияда өтетін халықаралық жарысқа дайындалуда.
Құстар да, құсбегілер де тапсырмаларды мүлтіксіз орындап, қандай жарысқа да дайын екендерін көрсетті, деп жазады Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ресми сайты.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00