Жирит – Түркияның ұлттық ойыны (ФОТО)

Анталья қаласында жирит ойынынан Түркия Республикасының ашық чемпионаты аяқталды. Бұл ат спорты ойынын түріктер орта ғасырдан бері ойнап келеді. XVI ғасырда бұл ойын әскери жаттығу ретінде жүргізілген. XIX ғасырда Осман Империясының сарайында ең таңдамалы ойын болған. Ойын өте қауіпті. Қатысушыдан мергендік, ептілік, шеберлік, атбегілік секілді көп қасиет талап етіледі. Бір кездері Сұлтан ІІ Махмұт жиритке тиым салғанымен, ұлттық ойын ұзамай қайта жаңғырып, ел ішінде кең тарады. Жирит командалық ойын. Ережесі – команда мүшесі қарсы жақтың алаңына атпен шауып барып сызылған шеңбердің ортасына қарай найзасын лақтырып жібереді, сосын бірден кері қашып арнайы сызыққа жеткенше қуғыншының өзіне лақтырған найзасын дарытпай кетуі керек. Осылай кезектеседі. Түркия бойынша жиритпен шұғылданатын 78 команда бар. Содан іріктеліп шыққан 4 команда финалда сынға түсті. Жеңісті Эрзрум қаласының командасы еншіледі. ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының атқарушы директоры Ерлен Әбілханұлы және мемлекеттік жаттықтырушы Рамазан Сәттібай бастаған қазақстандық ұлттық спорттың өкілдері ойын барысын толық тамашалап, марапаттау рәсіміне қатысты. Түркия Республикасы Ұлттық спорт ойындары қауымдастығының басшысы Арыпаслан Джейлан арнайы шақырту жіберіп, қазақстандық әріптестерінің түріктің ұлттық ойыны көздерімен көруін қалапты. Себебі, бүгінде түркі халықтарының ұлттық ойындары жаппай дамып келеді. Бірақ қай спорт түрі болса да бір елдің көлемінде шектелсе, танымалдығы артпайды, жанкүйерлері болмайды. Түрік ағайындар бәйге, көкпар, аударыспақ ойындары секілді жирит ойыны да халықаралық деңгейде өткенін қалайды. Сондықтан Қазақстанға арнайы бапкерлерді жіберіп, жирит ойыны командаларын құрып, ойын тәсілін үйретпекке келісім жасалды. Түркия тарапы қазақстандық әріптестерінінің ұлттық спортты дамыту, насихаттауда тәжірибесі бар деп санайды және бірлесіп ауқымды шараларды жүзеге асыра алатындарына сенімді. Сондай шараның бірі – келесі жылы Түркияда өтетін Көкпардан Азия чемпионатын өткізу барысы туралы арнайы келіссөз жүргізіліп, біраз мәселенің түйіні тарқатылды. ulttyqsport.kz

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатына жолдама алды
Қазақстандық балуандар 12 медаль жеңіп алды
Қазақстандық спортшылар Германияда өтетін Дүниежүзілік жазғы Универсиадаға қатысады
Қазақстан құрамасы таеквондодан Оңтүстік Кореядағы турнирде алты медальға қол жеткізді
Руслан Желдібай Халықаралық дзюдо федерациясы комиссиясының директоры болып тағайындалды
Коул Палмер Клубтар арасындағы Әлем чемпионатының үздік ойыншысы атанды
«Челси» Клубтар арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпазы
Эльхан Астанов «Ордабасы» футбол клубына оралды
Әлем кубогында Меруерт Камалиденова қазіргі чемпион саналатын Александра Горячкинаны жеңді
Қазақстандық балуандар жастар арасындағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды
Астанада каратеден Kazakhstan Open халықаралық турнирі өтеді
Алматыда үстел теннисінен 2026 жылы Әлем чемпионатына іріктеу турнирі өтеді
Аңсар Тұрсынбек ауыр атлетикадан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
Ресми: Рамазан Оразов «Елімай» сапына еркін агент ретінде ауысты
Денис Полубояринов Азия чемпионатында алтын медальға ие болды
Аянат Жұмағали Азия чемпионатының қола жүлдегері
Ерасыл Сәулебеков жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
Қазақстан Әлем кубогы кезеңінің қорытындысы: 8 алтын, 4 күміс
Айбек Оралбай World Boxing Cup турнирінің чемпионы
Сабыржан Аққалықов World Boxing Cup турнирінің чемпионы