Таразда «Eurasia Barysy» ІІ халықаралық турнирі өтеді
«Eurasia Barysy» ІІ халықаралық турниріне 12 елден 60 палуан қатысады.
22-қарашада сағат 12.00-де Тараз қаласында қазақ күресінен «Eurasia Barysy» халықаралық турнирі кубоктық жүйе бойынша өтеді.
Әр палуан өз салмағындағы қарсыласымен шығып, жеңілгені жарыстан шығып қалады.
«Eurasia Barysy» ІІ халықаралық турниріне 12 елден 60 палуан қатысады. Жарыс 60, 70, 80, 90 және + 90 келі салмақ дәрежесіндегі палуандар арасында өтеді. Әр елдің атынан 5 салмақ дәрежесі бойынша бес палуан қатысады.
Қазақстанның намысын Мұхит Тұрсынов, Абзал Арыстанбеков, Қайрат Ағыбаев, Айбек Нұғымаров және Дәулетхан Жақыпов сынды палуандар қорғайды.
Еске сала кетейік, жарысты «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZSport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00