Алматыда қазақ күресінен республикалық турнир өтуде
1998-2000 жылдар аралығында туған жасөспірімдер арасында Республикалық турнир басталды.
Оған Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облысы мен Алматы қаласынан барлығы 100-ден астам спортшы қатысуда.
«Сайыс 9 салмақ дәрежесі бойынша өтіп жатыр. Бұл турнир Алматыда осымен екінші рет өткізіліп отыр. Оған тек, спорт мектептерінің ғана емес, жалпы орта білім беретін мектептер мен колледждердің оқушылары да қатысады», - деді Алматыдағы №3 Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің аға жаттықтырушысы, турнирдің төрешісі Жангелді Хамитов.
Айта кетелік, ҚР Тұңғыш Президенті күні мен Тәуелсіздік күніне арналған жарысты Алматы қаласының жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры ұйымдастырып отыр.
Басты мақсат – жастарды спортпен айналысуға шақыру және Қазақ күресін насихаттау.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00