Астанада «Қазақстан Барысы» турнирінің іріктеу кезеңінің басталуына орай баспасөз мәслихаты өтеді
14 сәуір күні «Rixos President Astana Hotel» қонақ үйінің «Orda» мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен осымен бесінші мәрте өткізілетін республикалық «Қазақстан Барысы» турнирінің іріктеу сындарының басталуына орай баспасөз мәслихаты өтеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне іріктеу төрт кезең бойынша анықталады.
- ауылдар мен елді мекендерде;
- аудандық, қалалық;
- облыстық іріктеу жарыстары;
- турнирдің ақтық сыны.
Еліміздегі ең айтулы спорттық жобаның финалдық сынына ең үздік палуандар жолдама алады.
Баспасөз мәслихатына «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары – Бауыржан Байбек, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас директоры – Дархан Кәлетаев, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі – Сәкен Мұсайбеков, Астана қаласы әкімінің орынбасары – Ермек Аманшаев, ҚР Қазақ күресі федерациясының президенті – Арман Шораев қатысады.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00