Бейбіт Ыстыбаев «Қазақстан Барысы» турниріне бесінші рет қатысады
22 наурыз күні Тараз қаласындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық V турниріне Жамбыл облысындағы іріктеу жарыстарының 3 кезеңі аяқталды.
Жамбыл облысындағы іріктеу сындарының 3 кезеңінде Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Мерке, Мойынқұм, Талас, Рысқұлов, Сарысу, Шу аудандарының және Тараз қаласының палуандары бақ сынады.
Жарыстың I-II кезеңіне жалпы саны 1 512 адам қатысқан болса, 23 палуан облыстық сайысқа жолдама алған.
Жамбыл облысы бойынша турнирдің ақтық сынына жолдама алғандар:
1. Айтбек Айбол (92 келі)
2. Бейбіт Ыстыбаев (142 келі)
Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылы «Қазақстан Барысы» атанған Бейбіт Ыстыбаев турнирге бесінші рет, ал, Айтбек Айбол бірінші рет қатысады.
Турнирдің ақтық сайысы 5 шілде күні Астана күні мерекесі қарсаңында елордамыздағы «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өтеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы қарсыластары белгілі болды
13.02.2026, 13:02
Ресми: Абат Айымбетов «Петролул» ойыншысы атанды
12.02.2026, 20:17
2027 жылы Астанада УЕФА-ның 51-ші Конгресі өтеді
12.02.2026, 19:31
Александра Скороходова Олимпиада ойындарында өнер көрсетті
12.02.2026, 17:25
Павел Колмаковтың нәтижесі
12.02.2026, 17:01
Қазақстандық велоспортшылар Азия чемпионатында топ жарды
12.02.2026, 12:26
Қазақстандық команда UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысында жеңімпаз атанды
12.02.2026, 12:15
Ислам Сәтпаев нысана көздеуден Азия чемпионы атанды
11.02.2026, 17:45