Оңтүстікте «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің жүлдесі үшін қазақша күрестен турнир өтті
58 рет өтіп жатқан ұлттық ойын түріне 6 салмақ дәрежесі бойынша барлығы 70 балуан қатысып, бақ сынасты.
Турнирдің ашылу салтанатында Шардара ауданының әкімі Қамытбек Айтөреев, облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев, ардагер журналист, облыстың Құрметті азаматы Байдулла Қонысбек, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы Абай Балажан құттықтау сөз сөйлеп, балуандарға сәттілік тіледі.
60 келі салмақ дәрежесі бойынша чемпиондық тұғырға Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық институтты атынан сынға түскен Дәулет Қасымбеков көтерілсе, 70 келі салмақ дәрежесінде тағы да ОҚМПИ түлегі Бақытжан Барбановқа тең келер ешкім болмады.
80 келі салмақ дәрежесінде шардаралық Ерсұлтан Мұзаппаров барлық қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып, жеңімпаз атанды. 90 келі салмақта ОҚМПИ атынан сынға түскен Әділжан Ыстыбаев, 90 келіден жоғары салмақта шардаралық Бақдәулет Абызов есімді палуандардың мерейлері үстем болды.
Жұртшылықтың тұшына тамашалаған Түйе балуандар сайысында ордабасылық Жұманазар Ерсұлтановқа тең келер палуан табылмады. 160 келі салмақтағы алып денелі Жұманазар бұдан бұрын да екі рет «Оңтүстік Қазақстанның» жүлдесіне арналған жарыста «Түйе балуан» атанған еді. Шардаралықтар тіккен су жаңа «Нексия» темір тұлпары да Жұманазар Ерсұлтановтың тақымында кетті. Автокөлік кілтін аудан әкімі Қамытбек Айтөреев салтанатты түрде табыс ете отырып, алдағы уақытта да жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектестігін білдірді.
otyrar.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Семсерлесу: Әлем кубогына қатысатын ұлттық құрама тізімі белгілі болды
15.05.2026, 16:50
Бокс: Қазақстан U15 құрамасы 7 алтын медальға ие болды
15.05.2026, 10:35
Бокстан Олимпиадалық салмақ дәрежелері белгілі болды
14.05.2026, 12:00
Елена Рыбакина Римдегі WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шыға алмады
14.05.2026, 11:00
«ПСЖ» Франция чемпионы атанды
14.05.2026, 09:30
«Интер» Италия кубогын иеленді
14.05.2026, 09:00
Нұрбол Жұмасқалиев «Ертіс» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды
13.05.2026, 12:30
Ауыр атлетика: арулар арасында жеңімпаздар анықталды
13.05.2026, 11:55