Ресейде өткен ат бәйгесінен маңғыстаулық адай жылқылары жүлделі оралды
Ресейдің Рязань облысы Спасск-Рязанский қаласында халықаралық ат бәйгесі өтті. Оған Ресей, Германия, Қазақстан, Финляндия мемлекеттерінен текті тұқымды аттар қатыстырылған, деп хабарланған Ұлттық спорт түрлері.
Алыс қашықтыққа шабатын ат бәйгесіне Қазақстан атынан маңғыстаулық адай жылқылары қатысып, бәрі жүлдемен оралды. Соның ішінде Маңғыстау ауданы Қызан ауылынан ат қосқан белгілі атбегі Бұғабай Мұқырбаевтың екі жүйрігі жеңіске жетті. 80 шақырым қашықтық бойынша алғаш рет бәйгеге түскен «Бумер» аты мен 120 шақырымнан «Жары» тұлпары І орынды жеңіп алды.
Сондай-ақ, 120 шақырым қашықтықта ІІ орынды Наталья Долгихтің «Жезкиік» атты жылқысы иеленсе, V, VI орындарды Азат Қойшиев («Ойлы») пен Әбіш Етирековтың («Көкпар») жылқылары олжалады.
Дарья Попованың осы тектес «Чекист» тұлпары да 80 шақырымдық сайыста IV орын алды.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00