6 қыркүйекте Астанада аламан бәйгеден «Алтын тұлпар» дәстүрлі республикалық турниріні өтеді
Аламан бәйге «Нұр Отан» партиясының қолдауымен Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылуда.
6 қыркүйек күні өтетін турнирге республикамыздың 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларының әрқайсысынан 10 сәйгүлік бәсекеге түседі, деп жоспарлануда. Екінші рет ұйымдастырылып отырған бәсекенің басты ерекшелігі бәйге жолы ұзартылған. Яғни, өткен жылы 43 шақырымға созылса, биыл 51 шақырымға жетті.
«Алтын тұлпар» аламан бәйгесінің жүлде қоры да қомақты. Бас жүлде 10 000 000 теңге. Мәреге алғашқы жеткен 9 тұлпарға қаржылай жүлде беріледі. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы атынан аты аңызға айналған Құлагер, Байшұбар, Қубас, Қарақасқа, Ақтабан, Боз ауыз, Тайбурыл, Көкбурыл, Шалқасқа, Тарлан атты номинациялары бойынша диплом және қаржылай сыйлықтармен марапатталады.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00