Қызылордада қазақ күресінен түйе палуандар арасында республикалық жарыс өтеді
Дүбірлі бәсекеге Қазақстан Барыстары бастаған 30-дан аса Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда облыстарының палуандары мен Грузия, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің спортшылары қатысады.
Шараның мақсаты - жастар арасында ұлттық спорт түрі қазақ күресін дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, палуандардың спорттық шеберліктерін арттыру және жастарды достыққа, патриоттық сезімге, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Жарысты ұйымдастырушылар: Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық қазақ күресі федерациясы.
Жарыста Қызылорда облысының намысын 10 спортшы қорғайды.
Жүлде қоры: I орынға – Nissan patrol, II орынға Toyota camry 55, III орынға Toyota corolla және IV орынға Lada priora жеңіл автокөліктері.
Жарыстың бас төрешісі - Нұрлыбек Ермағанбетов (Астана қ.)
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00