«Момышұлы» көкпар командасы құрылды
Республикалық «Көкпар федерациясының» Алматы қалалық филиалы Алматы қаласындағы №17 жасөспірімдер спорт мектебінен көкпар бөлімін ашты, деп жазады ulttyqsport.kz сайты. Мектеп директоры Аманжол Қазымбетов көкпар бөлімінің нәтижелі жұмыс істеуіне қажетті барлық жағдайды тудырып отыр.
Мектептің ішінен жаттығу жасайтын, жататын орын бөлді. Көкпарға икемі бар алғашқы сегіз баланы бөлімге қабылдады. Алдағы уақытта №17 жасөпірімдер мектебінің көкпар бөлімі Алматы қаласындағы Б.Момышұлы атындағы әскери мектептің өрендерімен толықтырылып отыратын болады.
№17 мектептің көкпар бөлімін атпен, ер-тоқым, арнайы киім, аттардың жем-шөбімен «Көкпар федерациясының» Алматы қалалық филиалының директоры, меценат Данияр Дәукей қамтамасыз етуде.
Бұл бөлімді ашуға Алматы қалалық спорт және дене шынықтыру істері басқармасы, Туризм және спорт академиясының басшысы Қайрат Закрьянов, және екі мектеп басшысы Аманжол Қазымбет пен Жарлепесов Сәбит көп еңбек сіңірді. Жаңа құрылған топ «Б.Момышұлы атындағы көкпар командасы» деп аталды.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00