Басты Жаңалықтар «Еуразия Барысы-2015». Қазақстан атынан бозкілемге шығатын палуандар кімдер?

«Еуразия Барысы-2015». Қазақстан атынан бозкілемге шығатын палуандар кімдер?

«Еуразия Барысы-2015». Қазақстан атынан бозкілемге шығатын палуандар кімдер?
9 қазанда Тараздағы «Тараз-Арена» спорт сарайында ІІІ халықаралық «Еуразия Барысы» турнирі өтеді. Оған 8 мемлекеттен 56 спортшы қатысады деп күтілуде. Белдесулер 55, 66, 74, 82, 90, - 100, +100 келі салмақ дәрежелері бойынша өтеді. Осыған орай, Қазақстан атынан бозкілемге шығатын палуандармен таныс болыңыздар. 55 келіге дейін: Айдос Сейпілұлы, Қазақ күресінен әлем чемпионы 66 келіге дейін: Бағдаулет Сәбитұлы, Қазақ күресінен Азия чемпионы 74 келіге дейін: Ринат Махмутов, Қазақстан Кубогының иегері 82 келіге дейін: Мақсат Мәзібаев, Қазақ күресінен Әлем және Азия чемпионы 90 келіге дейін: Бекзат Ахметбеков, Қазақ күресінен 2 дүркін Азия чемпионы 100 келіге дейін: Мұхит Тұрсынов Туған жылы – 1988. Бойы: 185 см Салмағы: 95 келі Жетістіктері: – Қазақ күресінен Әлем кубогының жеңімпазы (2011 ж.); – Қазақ күресінен Әлем чемпионы (2013 ж.); – 2014 жылы «Қазақстан Барысы» атанды (2014 ж.). 100 келіден жоғары: Айбек Нұғымаров Туған жылы – 1987. Бойы: 189 см Салмағы: 138 келі Жетістіктері: – Қазақ күресінен екі дүркін Азия чемпионы (2011, 2014 жж.); – Қазақ күресінен екі дүркін Әлем чемпионы (2011, 2013 жж.); – 2013 жылы «Қазақстан Барысы» жеңімпазы (қазақ күресінен); – «Әлем Барысы» халықаралық турнирінің вице-чемпионы (2014 ж.). Еске сала кетейік, «Еуразия Барысы-2015» жарысын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы бүгін сағат 11:50-де тікелей эфирде көрсетеді.
Бөлісу