Қазақстандық Антонина Тарасова қол күресінен өткен ашық Азия біріншілігінде жеңіске жетті
Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының студенті Антонина Тарасова қол күресінен өткен ашық Азия біріншілігінде жеңімпаз атанды. Бұл туралы аталған оқу орнының Баспасөз қызметі мәлім етті.
78 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен бойжеткен финалда отандасына жол беріп, жарысты күміс жүлдемен аяқтады. 22 жастағы спортшы бұған дейін аталған спорт түрінен Әлем чемпионы атанған. Халықаралық дәрежедегі спорт шеберінің жүлде қоржынында жалпы саны 61 медаль бар.
«Антонина 9 жылдан бері аталған спорт түрімен айналысады. Ол осы уақыт аралығында спорттық карьерада үлкен жетістіктерге жетіп үлгерді. Алдағы уақыттар белесінде халықаралық деңгейдегі додаларда жеңіс тұғырынан көрінетіне шүбәміз жоқ», - дейді оның жаттықтырушысы Асан Сүлейменов.
Айта кетейік, жуырда Тараз қаласында қол күрестен Азияның ашық кубогы өтті. Байрақты бәсекеге Азияның 21 елінен 277 спортшы қатысқан.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00