Оралда асық атудан ел чемпионаты өтті
Орал қаласында «Асық атудан» Қазақстан Республикасының ерлер мен әйелдер арасындағы ел чемпионаты өтті. Республикалық деңгейде ұйымдастырылған ұлттық жарысқа Маңғыстау, Астана, Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда облыстарынан келген ойыншылар қатысты.
Бас-аяғы үш күнге созылған дүбірлі жарыста спортшылар кейінгі ұрпақ арасында ұмыт бола бастаған, бірақ тәрбиелік мәні зор асық спортының қыры мен сырын, құдіретін көрсетуге тырысты.
Жарыс қорытындысы бойынша, бірінші орын жамбылдық командаға бұйырса, екінші орынды Астана командасы, ал, үшінші орынды Оңтүстік Қазақстан обысынан келген спортшылар иемденді.
Сондай-ақ, спортшылар асық атудан жекелей сындарға түсіп, асық атудың сұрмергендері іріктелді. Жекелей жарыстарда Астана қаласы, Маңғыстау және Жамбыл, Қостанай облыстарының өкілдері топ жарды.
www.inform.kz
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00