27-29 мамыр күндері Алматыда Ұлы дала ойындары өтеді
Мамыр айының 27-29 жұлдызында Алматы қаласында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығына және «Спорттық Алматы» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде «Ұлы Дала ойындары» атты ұлттық спорт додасы өтеді.
«Ұлы Дала ойындары» атты бәсекеге тек төрт команда ғана қатыспақ. Олар Астана, Алматы, Қызылорда және Орынбор қаласының командалары. Қызылорда мен Алматы қалалары және көрші Ресей иелігіндегі Орынбор қалалары әр жылдарда Қазақ елінің астанасы болған өңірлер. Сондықтан, «Ұлы Дала ойындарына» қатысу мәртебесі сол бұрынғы бас қалалар мен қазіргі Астана қаласының үлесіне тиді.
«Ұлы Дала ойындарына» келген жанкүйерлер тоғыз түрлі ұлттық спорттың бәсекесін тамашалай алады. Атшабарда қашықтығы 25 шақырымға белгіленген аламан бәйге өтеді. Одан соң, төрт команда арасында көкпар додасы басталады. Сондай-ақ, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу, тоғызқұмалақ, асық ату, жамбы ату сайыстары өтеді. Жиналған қауым осы «Ұлы Дала ойындарында» құсбегілік өнердің көрсетілімдеріне де куә болмақ.
«Ұлы Дала ойындарының» өткізілетін орны Алматы қаласының орталық ипподромы.
ulttyqsport.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Александр Марочкин «Тобыл» ойыншысы атанды
30.12.2025, 14:31
Париждегі Grand Slam турниріне қатысатын дзюдошылар тізімі жарияланды
29.12.2025, 18:01
Данил Васильев пен Илья Мизерных шаңғымен тұғырдан секіруден Әлем кубогының финалына шықты
29.12.2025, 15:00
Усман Дембеле 2025 жылдың үздік ойыншысы атанды
29.12.2025, 11:30
Осман Дембеле IFFHS нұсқасы бойынша жылдың үздік ойыншысы атанды
27.12.2025, 17:30
Еркебұлан Тоқтар нокаутпен жеңіске жетті
27.12.2025, 01:06
Махмұд Сабырхан мен Наталья Богданова жылдың үздік боксшысы атанды
26.12.2025, 21:55
Дмитрий Панарин Bangladesh International Series турнирінің жеңімпазы атанды
26.12.2025, 19:50