Халықаралық қазақ күресі федерациясының басшысы сайланды

ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Халықаралық қазақ күресі федерациясының (ХҚКФ) президенті болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атап айтқанда, бүгін Астанада Халықаралық қазақ күресі федерациясының құрылтай конгресі өтіп, оған әлемнің 35 елінен өкілдер қатысты. Конгресс кезінде федерацияның жарғысы бекітіліп, оған қоса жаңа ұйымның қазақ күресін алдағы төрт жылда дамыту жұмыстарының жоспары қабылданды.

Шара барысында қатысушылардың барлығы Халықаралық қазақ күресі федерациясының президентігіне Қанат Алдабергенұлының кандидатурасын қолдады. Айта кетейік, ол сонымен қатар ҚР Қазақ күресі федерациясының құрметті президенті қызметін де атқаруда. Жиын барысында ХҚКФ президентінің орынбасарлары да сайланды. Жарғыға сәйкес, 5 вице-президент лауазымы қарастырылған. Осы орайда федерацияның бірінші вице-президенттігіне грек-рим күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы, әлем кубогінің иегері, даңқты балуан Жақсылық Үшкемпіров бекітілді.  Мұнымен қоса, вице-президенттер болып даңқты балуан Дәулет Тұрлыханов, Қытайдағы қазақ күресі федерациясының президенті Айдархан Қабдоллаұлы, «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының төрағасы Арман Шораев, сондай-ақ Еуропа атынан Ункас Галек (Польша) сайланды. Шараға қатысқан 35 елдің өкілдері Халықаралық қазақ күресі федерациясының логотипін де бірауыздан бекітті.

inform.kz

 

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

«Қайрат» футзалдан Чемпиондар Лигасының күміс жүлдегері
Елордада бәйгеден Astana Cup республикалық турнирі өтті
Жәнібек Әлімханұлы әлемнің үздік 20 боксшысының қатарына енді
Сауль Альварес Уильям Скаллды жеңіп, абсолютті әлем чемпионы атанды
Ксения Прозорова ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды
Әбиба Абужақынова Grand Slam турнирінде қола жүлдеге қол жеткізді
Бейбарыс Ерсеит ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды
Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Ресейге есе жіберді
Бокстан Иорданиядағы U15/U17 Азия чемпионатынан Қазақстан құрамасы 16 алтын жеңіп алды
Бокстан (U15) Иорданиядағы Азия чемпионаты қорытындыланды
Дзюдодан Grand Slam турниріне қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды
Милад Карими Әлем кубогында тағы да алтын медаль жеңіп алды
«Жетісу» алғаш рет Азия чемпиондар лигасының чемпионы атанды
Елордада Қазақстан және әлем аңыздары арасында жолдастық матч өтті
Бүгін Қазақстан футболы күні
«Жетісу» Азия чемпиондар лигасының жартылай финалына шықты
«Жетісу» волейбол клубы Азия чемпиондар лигасының ширек финалына шықты
Мөлдір Жаңбырбай каратеден Мысырдағы турнирде топ жарды
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының жүлдесіне ие болды
Ресейдегі турнирде қазақстандық боксшылар 11 медаль жеңіп алды