«Қазақстан» РТРК» АҚ-ның түсірілім тобы Риоға жетті (ФОТО, ВИДЕО)
Ел жанкүйерлеріне Олимпиаданың маңызды жаңалықтарын жеткізетін «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның түсіру тобы Риоға келіп қонды. Шығармашылық топ XXXI Жазғы Олимпиада Ойындары өтетін Оңтүстік Америка құрлығына кеше аттанған болатын.
Олардың арасында «Kazsport» телеарнасының директоры Павел Цыбулин, телеарнаның бас редакторы Индира Бектенова, редакторлар Ермек Төрениязов пен Телмұхамед Күдеров, бас режиссер Руслан Дәулетов және қоюшы-оператор Бағдат Сүлейменов бар.
Естеріңізге саламыз, «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналарында спорттың барлық түрінен 220-дан астам трансляция көрсету жоспарлануда. Олардың 65-ін «Қазақстан» көрсетсе, «Kazsport» 150-ден астам трансляцияны көрермен назарына ұсынбақ.
Оқиға орнынан эксклюзивті материалдар мен арнайы репортаждар күнделікті тікелей эфирде және жазба түрінде беріледі. Сондай-ақ, жанкүйерлер жаңалықтарды kaztrk.kz және kazsport.kz сайттарының арнайы ашылған https://kaztrk.kz/kz/Rio-2016 айдарынан біле алады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бокстан Қазақстан U19 құрамасы әлем чемпионатын 8 медальмен аяқтады
28.10.2026, 10:30
Бағдат Сабаз әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
27.10.2026, 20:00
Жания Бекмұхамбетова үстел теннисінен Италиядағы халықаралық турнирде күміс жүлдегер атанды
27.10.2026, 10:30
Харри Кейн 2026 жылғы «Алтын Доп» иегері атанды
27.10.2026, 05:00
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті
26.10.2026, 14:30
«Ордабасы» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанды
25.10.2026, 20:30
Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 19:00
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25