Қазақстандық мерген Елизавета Король винтовкадан оқ атудан Олимпиада ойындарының ақтық сынына шыға алмады
Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Жазғы Олимпиада ойындарында 10 метрден пневматикалық винтовкадан оқ ату бәсекесінің іріктеу кезеңі өтті.
Аталған жарыс түрінен Қазақстан намысын Елизавета Король қорғаған болатын. Қазақстандық спортшы 410,6 ұпай жинап, іріктеу кезеңінде 37-орынға тұрақтады.
Бұл көрсеткіш Е.Корольдің ақтық сынға жолдама алуына мүмкіндік бермеді. Айта кетсек, аталған бәсекенің финалдық кезеңінде 8 мерген өнер көрсетеді. Соның ішінде іріктеу кезеңінде Олимпиада рекордын жаңартқан (420,7) қытайлық Ду Лив те бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25
Елена Рыбакина Нинбодағы WTA 500 турнирінде топ жарды
25.10.2026, 17:00
Михаил Шайдоров қысқа бағдарламада төртінші орынға тұрақтады
24.10.2026, 18:00
Қазақстан V Пара Азия ойындарын 50 медальмен қорытындылады
24.10.2026, 17:00
Александр Бублик Almaty Open турнирінде Карен Хачановты жеңді
24.10.2026, 11:00
Астанада Біріккен күрес әлемінің конгресі өтті
23.10.2026, 22:10
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05