Чемпиондар лигасының ширек финалына шыққан барлық команда белгілі болды

Футболдан Еуропаның клубтар арасындағы басты бәсекесі саналатын Чемпиондар лигасының ширек финалына шыққан барлық команда белгілі болды.

1/8 финалдағы соңғы ойындарда "Бавария" (Германия) сырт алаңда "Бешикташты" (Түркия) 3:1 есебімен ұтты. Қос ойын қорытындысы бойынша алсақ, мюнхендік команда бет қаратқан жоқ. Есеп 8:1.

Каталондық "Барселона" Лондонда "Челсимен" тең түсіп, өз алаңында қарсыластарын ойсырата жеңді. Ойында Лионель Месси дубль жасаса, Усман Дембеле "блауграна" сапындағы алғашқы голын соқты. Сондай-ақ аргентиналық сұрмергеннің Чемпиондар лигасында соққан голдар саны 100-ге жетті.

Сонымен ширек финалға шыққан 8 команда анықталды. Олар: "Барселона", "Реал" және "Севилья" (үшеуі де – Испания), "Ливерпуль" және "Манчестер Сити"(екеуі де – Англия), "Рома" және "Ювентус" (Италия), "Бавария" (Германия) командалары.

"Манчестер Юнайтед", "Тоттенхэм" және "Челси" (үшеуі де - Англия), "Порту" (Португалия), "Шахтер" (Украина), "Бешикташ" (Түркия), ПСЖ (Франция) және "Базель" (Швейцария) командалары жарысты 1/8 финалда аяқтады.

Чемпиондар лигасы ширек финалының жеребесі 16 наурыз күні өтеді. Астана уақытымен сағат 16:00-де басталады. Бұл кезеңде бір елдің командалары да бір-біріне қарсылас атана береді. Алғашқы ойындар 3-4 сәуір күні, қарымта кездесулері араға бір апта салып өтеді.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Бүгін Астанада Olympic Solidarity бағдарламасы аясында Азия Олимпиадалық кеңесінің (ОСА) VI Континенттік спортшылар форумы басталды
28 тамыз күні Монакода Еурокубоктардың жалпы кезеңінің жеребе тарту рәсімдері өтеді
US Open: Қазақстандық теннисшілердің қарсыластары белгілі болды
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Олимпиада жолдамасын жеңіп алу үшін бақ сынайды
Едіге Қасымбек еркін күрестен Әлем чемпионы атанды
Екатерина Таранцева Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды
Грек-рим күресінен өтетін әлем чемпионатына қатысатын спортшылар құрамы анықталды
Ресми: Доннарумма Парижден кетеді
«Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Комментатор сөздігін» таныстырды
Загребте өтетін әлем чемпионатында Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар анықталды
Жәнібек Абу-Бәкір XII Дүниежүзілік ойындарында Қазақстанға алғашқы алтын жүлдені сыйлады
Қос қазақстандық балуан Германияда өткен Гран-при турнирінің чемпионы атанды
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Asian Figure Skating Youth Camp лагеріне қатысады
Елена Рыбакина Монреаль турнирінің финалына шыға алмады
Қазақстандық спортшылар The World Games – 2025 жарысына қатысады
Ролан Гаррос: қазақстандық жас теннисшілер ширек финалға өтті
Қазақстандық теннисші Иван Пономарев ITF турнирінде алғашқы титулын жеңіп алды
Қысқы Азия ойындарында үздік нәтиже көрсеткен спортшыларға қаржылай сыйақы берілді
Алматыда Ғұсман Қосанов мемориалы аясында халықаралық жеңіл атлетика турнирі өтті
Эльмира Сыздықова халықаралық турнирде күміс жүлдеге ие болды