Маргарита Елисеева ауыр атлетика бойынша 5-орынға тұрақтады (ВИДЕО)
Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан қазақстандық спортшы Маргарита Елисеева бақ сынады.
«А» тобында 48 келіге дейінгі салмақ санатында жарысқа шыққан зілтеміршіміз жұлқа көтеруде үш мүмкіндіктің тек біреуін ғана еңсерді. Осылайша, алғашқы жаттығуда отандасымыз 80 келімен шектелді.
Алдымен 80 келіге тапсырыс берген Маргарита оны оңай көтерді. Алайда, соңғы 2 сында 84 келіге тапсырыс берген ол зілтемірді ырқына көндіре алмады.
Ал, серпе көтеруде 24 жастағы зілтеміршіміз бірінші мүмкіндікте 103 келі салмақты бағындырды. Екінші мүмкіндікте 106 келі салмақты қазақстандық спортшы көтере алмағанымен, соңғы мүмкіндікте зілтемір оның ырқына көнді. Осылайша, екі сайыстың қорытындысы бойынша Маргарита 186 келі (80+106) салмақты бағындырып, 5-орынға тұрақтады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Исхар Курбаев грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
25.10.2026, 18:25
Елена Рыбакина Нинбодағы WTA 500 турнирінде топ жарды
25.10.2026, 17:00
Михаил Шайдоров қысқа бағдарламада төртінші орынға тұрақтады
24.10.2026, 18:00
Қазақстан V Пара Азия ойындарын 50 медальмен қорытындылады
24.10.2026, 17:00
Александр Бублик Almaty Open турнирінде Карен Хачановты жеңді
24.10.2026, 11:00
Астанада Біріккен күрес әлемінің конгресі өтті
23.10.2026, 22:10
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05